Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кибершабуыл: Мемлекеттік техникалық қызмет ел аумағында интернет сапасының нашарлау себебін айтты

Опубликовано:

Кибершабуыл
Кибершабуыл. Фото: pixabay.com

Мемлекеттік техникалық қызмет Instagram желісіндегі ресми парақшасында Қазақстанда интернет жұмысындағы ақаулардың себептерін жариялады. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта елімізде кибершабуылдар тіркелуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік техникалық қызметі мамандарының мәліметінше, бүгін таңертең Қазнетке кең ауқымды кибершабуылдар жасалғаны анықталған. Бұл жағдай еліміздің барлық өңіріндегі интернет байланысының жұмысына әсер ететіні баса айтылды.

"Бүгін таңертең Қазнетке тағы да ауқымды кибершабуылдар тіркелді. Бұл жағдай еліміздің барлық өңіріндегі интернет байланысының жұмысына әсер етуде", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта компанияның техникалық мамандары қауіптерді залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, кеше де Қазнетке кибер шабуылдар жасалғаны хабарланған болатын.

Ал бүгін қазақстандықтар жаппай интернет жұмысының сапасына шағымданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990242-xakerlik-sabuyldar-qazaqstandagy-internet-zumysynyn-nasarlau-sebebi-aityldy/

pixel