jitsu gif branding logo appbranding logo app

Республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар жалғасып жатыр

түйелер
Фото: ҚазАвтоЖол

Республикалық маңызы бар жолдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның әр филиалы қосымша шараларды жүзеге асырып жатыр.

Мәселен, өткен аптадан бері шамамен 3 мың бас мал жарық шағылыстырғыш ленталармен қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткішті 9 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл шара күре жолдарда үй жануарларының пайда болуына байланысты орын алатын жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

ҚазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол

Бұдан басқа, республикалық трассалардың авариялық-қауіпті учаскелерінде шу жолақтарының, стробоскоптар мен торлы қоршаулардың саны артуда. Мәселен, өткен аптадан бастап республикалық трассаларда шамамен 70 стробоскоп орнатылып, 1100 м2 шу жолақтары салынды.

ҚазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол

Үй жануарларының жол бойына шығуына кедергі келтіретін торлы қоршауларды, қардан қорғайтын қалқандарды ұрлау жағдайлары да тіркеліп отыр. Мәселен, соңғы екі жылда 3 мың қума метрге жуық қардан қорғайтын қалқандар, 10 мың қума метрден астам торлы қоршаулар, 50-ге жуық жол белгілері мен 2 мың катафот ұрланды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.