jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"ҚазАвтоЖол" оқушылар үшін "Жол жүру ережелерін білесің бе?" атты республикалық акция ұйымдастырды

Мектеп
Фото: ҚазАвтоЖол

Республикалық маңызы бар жолдарға жақын елді мекендердің мектеп оқушылары үшін "Жол ережелерін білесің бе?" атты республикалық акция жолшылардың бастамасымен іске қосылды.

Акция аясында "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ өкілдері оқушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыруға бағытталған түсіндірме жұмыстарын өткізуде.

Статистикаға сүйенсек жол-көлік оқиғасының басым бөлігі (ЖКО) Жол қозғалысы ережелерін бұзудың нәтижесінде орын алады. Сондықтанда, жол жүру ережелерін сақтауды насихаттау және оны үйрету жас кезден дағдылану қажет - деп санайды ұйымдастырушылар.

Мектеп
Фото: ҚазАвтоЖол

Аталған іс-шараны іске асыруға жолшылармен қатар жергілікті атқарушы билік өкілдері де тартылған. Сондай-ақ, оқушылармен кездесу кезінде түсіндірме жұмыстарымен бірге, жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) сақтаудың маңыздылығы туралы ақпараттық брошюралар таратылады. Қазіргі таңда, акция еліміздің барлық өңірлерін қамтыды.

Өз кезегінде "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ пайдаланушыларды жол қозғалысының ережелерін және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қойылған жылдамдық шектеулерін сақтауға шақырады.

"ҚазАвтоЖол" оқушылар үшін "Жол жүру ережелерін білесің бе?" атты республикалық акция ұйымдастырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.