Елімізде 1 қазаннан бастап не өзгереді

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Күздің екінші айында қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Демалыс күндері

Қазан айында Республика күніне байланысты демалыс күндерін ауыстыру жоспарлануда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үкімет қаулысына тиісті түзетулер әзірледі.

Демалыс күнін ауыстыруға қатысты қоғамдық талқылау 12 қазанға дейін жалғасады. Қаулыға өзгеріс енгізілсе, қазақстандықтар Республика күніне орай 3 күн яғни 23, 24 және 25 қазан демалады. Ал сенбі, 22 қазан толық жұмыс күні болады.

Жаңа 20 000 теңгелік банкнот айналымға шықты

Бүгіннен, яғни, 1 қазаннан бастап номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнот қолданысқа енгізіледі.

Номиналы 20 000 теңгелік жаңа дизайндағы банкнот өз құнына сай Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдегі банктерде банктік шоттарға есепке алуға және аударуға, ұсақтауға, айырбастауға жатады.

Ауа райы

Қазан айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары фронттардың әсерінде болады, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қарттар күніне орай біржолғы әлеуметтік төлем

Елордада 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлаған.

Зейнеткерлерге және ең төменгі зейнетақы алушылардың қатарынан зейнеткерлік жасқа жеткен адамға 2,5 АЕК (7 950 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы шамамен 730 миллион теңгені құрайды.

Қазақстанға Түркия президенті келеді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен IV дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Парламент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерлан Қошанов Түркия президенті Реджеп Таийп Ердоғанға оның қазан айына жоспарланған Қазақстанға сапарын асыға күтетінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990591-elimizde-1-qazannan-bastap-ne-ozgeredi/