Зектілері

Шекарадан Ақтөбеге жаяу жеткен Ресей азаматы ауруханадан бір-ақ шыққан

Жарияланған күні:

жас жігіт
Жас жігіт. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеге келген ресейліктер Қазақстанға қалай жеткендерін әңгімелеп берді. Олардың арасында жас жігіт өзінің амалсыздан шекарадан жаяу келіп, ауруханаға түскенін айтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, еріктілер ұйымдастырған уақытша баспанада үш бөлме бар, тіпті дәлізде де кереует тұр.

Бөлмелер жиналмалы кереуеттер мен төсеніштермен жабдықталған. Онда орналасқандардың кейбірі компьютермен жұмыс істеп жатса, кейбірі пәтер іздеумен күнін өткізуде.

Жатақхананың ең жас тұрғыны - Мәскеуден келген үш айлық сәби. Бұл отбасы Ақтөбеден баспана таба алмай, көшеде қала жаздаған.

"Біз осы қалаға келіп, жалдайтын пәтер таба алмадық. Баламен көшеде қала жаздадық, содан соң жігіттер бізді осында алып келді. Біз бірнеше күн бойы осында олардың қамқорлығында болдық. Мәскеуден небәрі екі сағатта жиналып шыққан едік", - дейді ресейлік әйел.

Айтуынша, күйеуі мен баласы Ақтөбеге бірнеше күн бұрын келген.

"Әрине, мұндай жағдайға түсемін деп ешкім ойламайды. Бірақ бұл сынақ әр адамның басына келуі мүмкін. Ақтөбеде осындай адамдар барына ризамын. Үлкен жүректері үшін, еңбекқорлығы үшін еріктілерге алғысым шексіз", - дейді тағы бір әйел.

Басылымның хабарлауынша, еріктілер 150-ге жуық адамды шекарадан алып келген. Олар сондай-ақ ресейліктерге тегін SIM карта таратып, кезекте тұрған адамдарды тамақтандырған.

Бір аптаның ішінде 850 адам баспанаға орналастырылыпты. Олардың арасында баспана мәселесіне тап болған келушілер мен жергілікті тұрғындар да бар.

"Әр оқиғадан адамдардың қандай азаптан өткенін білуге болады. Бір түнде бәрін тастап, жүріп кеткен. Мен ауруханаға әлсіреп, суықтап тоңып қалған жас жігіт түскені туралы естідім. Оған дәрігерлер медициналық көмек көрсетті, оны осында алып келдік. Ол теңселіп, әрең жүрді. Біз тамақтандырып, төсекке жатқыздық. Ол шекараға жеткен соң, кезекте ұзақ тұрыпты. Кейін қалаға қарай жаяу шығып кеткен. Жолда демалып отыратын жер де болмаған. Такси жүргізушілері бір орын үшін 5-50 мың рубль сұраған. Арақашықтық шамамен 100 шақырым", - дейді Екатерина Голотина есімді ерікті қыз.

Одан бөлек, полиция бар ақшасын ұрлатып алған жігіттерді де еріктілерге әкеліп тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991401-sekaradan-aqtobege-zayau-zetken-resei-azamaty-auruxanadan-bir-aq-syqqan/