jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Тұман, жел, жаңбыр: Жұмада ел аумағында ауа райы қандай болады

Қолшатыр ұстап тұрған адам
Қолшатыр ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК 7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Қазақстанның солтүстік, батыс өңірлеріне солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етеді.

Осыған байланысты жұмада еліміздің солтүстік және оңтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ал Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, түнде шығыста, солтүстік-батыста тұман күтіледі.

Сондай-ақ, түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Тұман, жел, жаңбыр: Жұмада ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.