Өскеменде Ертіс өзенінің түсі неліктен өзгеріп кеткені белгілі болды
Жарияланған күні:
Өскеменде Ертіс суы түсінің өзгеруіне байланысты тексеру қорытындысы жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы тамыз айының соңында бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде видео тарап, онда Өскемендегі Ертіс суы түсінің өзгергені көрсетілген болатын.
Видео авторы "Ғашықтар аллеясы" тұсында Ертіс арнасы суының ағарып кеткенін көрсетіп, одан жағымсыз иіс шығып тұрғанын айтқан еді.
Сол кезде бұған қатысты Шығыс Қазақстан облыстық экология департаменті пікір білдіріп, аталған факті бойынша судан сынама алынғанын, судың түсі неден өзгеріп кеткені сараптама нәтижесінен кейін белгілі болатындығын мәлім еткен болатын.
Тауяда тексеріс жұмыстары аяқталып, өзенінің түсі неліктен өзгеріп кеткені белгілі болған.
"Май" АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде май зауытынан шығатын ағынды сулардың химиялық құрамы Ертіс арнасына құйылған сумен бірдей екені анықталды.
Тікелей өзен арнасына ағызылатын суда аммоний тұзы рұқсат етілген шектен 93 есе, нитриттер 10 есе, фосфаттар 115,4 есе асып кеткен. Су қорын қорғау және тазалау құрылыстарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша аталған мекемеге қатысты әкімшілік іс қозғалды", – дейді ШҚО экология департаментінң өкілдері.
Егер зауыт басшылығы заң бұзушылықтармен келісетін болса, жеңілдетілген тәртіп бойынша салынатын айыппұлдың жалпы сомасы 2 664 810 теңге болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991564-oskemende-ertis-ozeninin-tusi-nelikten-ozgerip-ketkeni-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.