jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Сабақ уақытында мұғалімдер оқушыларды намаз оқуға жібере ала ма: Асхат Аймағамбетов жауап берді

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Алматы халқымен кездесуінде сабақ уақытында мұғалімдер оқушыларды намаз оқуға жібере ала ма және хиджабтың орнына мектепке капюшоны бар киім киюге бола ма деген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жиналғандардың бірі министрден оқушыларға хиджабтың орнына кимешек сияқты ұлттық киім немесе капюшоны бар киім кию туралы сұрақ қойды. Ол сондай-ақ ата-аналары мұғалімдерге ескертіп, балаларды намаз оқу үшін сабақтан босатуға бола ма деп сұраған.

"Біз зайырлы мемлекетпіз, оқу орындары да зайырлы. Сіздің сұрақтарыңызға жауап соған байланысты. Біз зайырлы мемлекет болғандықтан, "жоқ" деп жауап қайтарамыз. Бізде мектеп формасына қойылатын талаптар, мұғалімдерге, мамандыққа қойылатын жалпы ережелер мен талаптар бар", - деп жауап берді министр.

Сабақ уақытында мұғалімдер оқушыларды намаз оқуға жібере ала ма: Асхат Аймағамбетов жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.