Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Қазақстанның Украинадағы елшілігін эвакуациялау туралы: Мәселе жақын күндері шешіледі

Опубликовано:

Қазақстанның Украинадағы елшілігі
Қазақстанның Украинадағы елшілігі. Фото: T.me/KZembassyinUKR

Үкімет кулуарында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осы уақытта Украинада қанша қазақстандық бар деген сауалға жауап берді. Сонымен қатар ол Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкерлерін эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Смадияровтың сөзінше, қазір дипломаттар Украинада нақты қанша Қазақстан азаматы бар екендігі жайлы ақпаратты тексеріп жатыр.

"Соңғы оқиғаларға байланысты бұл көрсеткіш әртүрлі. Өздеріңіз көріп отырғандай, кеше Украинадағы елшілігіміз осындай жағдайда көмек көрсету бойынша хабарлама жариялады. Бірінші эвакуация кезінде көбі кетіп қалды, бәлкім, қайтып оралғандары да болуы мүмкін, сондықтан мен қазір нақты санын айта алмаймын", – дейді ол.

СІМ өкілінің айтуынша, шекара ашық, кейбір азаматтар Украинаға барып келіп жүр.

"Өмір жалғасуда. Айтайын дегенім, бастапқы эвакуация кезінде көбі үйіне қайтты. Елшілік те жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір мәселе елшілікті жабуда емес, мәселе біздің елшілік қызметкерлерін эвакуациялауда болып отыр. Бұл сұрақ жақын күндері шешіледі. Эвакуация толық жүргізілуі мүмкін", – дейді Айбек Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына Украинаға барудан бас тартып, ал сол жақтағы қазақстандықтардан мүмкіндігінше ел аумағынан кетуді сұрап, үндеу жасаған болатын.

Айта кетейік, 10 қазанда Украина астанасы Киевте бірнеше жаралыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1992088-sim-qazaqstannyn-ukrainadagy-elsiligin-evakuaciyalau-turaly-masele-zaqyn-kunderi-sesiledi/

pixel