jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаңбыр, қар, көктайғақ: демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Алғашқы қар жауған сәт
Алғашқы қар жауған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 15-17 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, ал солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Оңтүстік-шығыста осы аптаның соңына дейін жаңбыр жаумақ.

Одан бөлек ел аумағында ауа температурасы біртіндеп төмендейді, дегенмен жаңа аптаның басында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі.

Сондай-ақ демалыс күндері республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, елдің шығысында, солтүстігінде, батысында тұман, солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін.

Ауа температурасы демалыс күндері Қазақстанның батысында түнде +10 градустан - 3 градус аязға дейін төмендесе, күндіз 8-15 градус аралығында жылы болмақ. Оңтүстік-батыста термометр бағаны +20 градусқа дейін жоғарылайды.

Солтүстікте және елдің орталығында ауа температурасы түнде +8 градустан - 3 градус аязға дейін төмендесе, күндіз 5-14 градус аралығында жылы болады.

Шығыста да түнде термометр бағаны +8 градустан -5 градусқа дейін төмендесе, күндіз 10-21 градус жылы болады деп күтілуде.

Республиканың оңтүстігінде түнде 0-11 градус, күндіз 15-23 градус аралығында жылы болады.

Ал оңтүстік-шығыста түнде 3-12 градус аралығында жылы болса, таулы аймақтарда +3 градустан –5 градусқа дейін төмендеп, күндіз 7-20 градус аралығында жылы болмақ.

Жаңбыр, қар, көктайғақ: демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.