jitsu gif branding logo appbranding logo app

Студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы тағы өсе ме: министр жауап берді

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы жылдары студенттер мен магистранттардың және докторанттардың шәкіртақы мөлшері қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің сөзінше, 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіру жоспарланған.

"Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15 пайызға, 20 пайызға өседі. Мақсатымыз - оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Ph-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер - қазіргі таңда ұстаздардың жалақылары өсті. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы", - дейді министр.

Айта кетейік, биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өскен болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.