Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қаңтар оқиғасының 1,5 мың қатысушысына рақымшылық жасалуы мүмкін

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс депутаттары қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдады. Алдын ала болжам бойынша, бұл кезеңде рақымшылық 1,5 мыңға жуық адамға жасалуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатты депутат Гүлнар Бижанова таныстырды. Оның айтуынша, мемлекет ауыр қылмыс жасамаған қатысушыларға жазаны жұмсартып қойған. Бүгінге дейін 1060 адам сотталса, оның 106-сы ғана нақты бас бостандығынан айырылған. Ал қаңтар айында зардап шеккендерге келтірілген шығын өтеледі, әлеуметтік, қаржылай және басқа да көмектер көрсетіледі.

"Парламент депутаттары үндеуді қолдады және конституциялық өкілеттіктерге сүйене отырып, біз мемлекет басшысының осы заң жобасымен құқық бұзушылық пен қылмыс жасаған қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы бастамасын жүзеге асыруды ұсынамыз", – деп қосты ол.

Сонымен, оның айтуынша, заң жобасы рақымшылыққа ілігетін адамдар тобын анықтайды. Ол үшін 4-7 қаңтар аралығында нақты мерзім белгіленген. Себебі, бұл уақыт жаппай тәртіпсіздікпен байланысты, ал басқа қылмыстар бұл заңның шеңберіне кіріп кетпеуі қажет.

Дегенмен, депутат террористер, экстремистер, рецидивистер, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар, өзгелерді азаптаған адамдар рақымшылыққа ілінбейтінін айтты.

"Алдын ала болжам бойынша, қазіргі кезеңде рақымшылыққа 1,5 мыңға жуық адам ілігеді. Заң жобасын іске асыру қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді және жағымсыз экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды", – деп түйіндеді Бижанова.

Еске салайық, күні кеше мәжілісте "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасы қабылданғаны хабарланған болатын. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жариялаған еді. Алайда оның айтуынша, рақымшылық тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы бар негізгі айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен ауыстыруға әрекет жасады деп айыпталғандарға қолданылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993399-qazaqstanda-qantar-oqigasynyn-15-myn-qatysusysyna-raqymsylyq-zasaluy-mumkin/

pixel