Мәжіліс рақымшылық жасауға қатысты заң жобасын талқылауды бастады

Опубликовано:

Алматы
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қарауды бастады. Осы мәселе бойынша депутат Арман Қожахметов сөз сөйледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутаттың сөзінше, заң жобасы мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі тапсырмасын орындау мақсатында дайындалған. Құжаттың негізгі мақсаты – Қазақстанда 4-7 қаңтарда болған тәртіпсіздіктерге қатысушыларға рақымшылық жасау.

"Заң жобасының мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында 4-7 қаңтары аралығындағы кезеңде жаппай тәртіпсіздікке байланысты қылмыстық құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға сот тағайындаған қылмыстық жауаптылықтан босату немесе жаза мерзімін қысқарту", - деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Ол заң жобасының азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірмейтін қылмыс жасаған тұлғаларға мемлекет пен қоғам тарапынан жасалған мейірімділік пен қайырымдылық актісі екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жариялаған болатын. Алайда рақымшылық тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар негізгі айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасап, билікті күшпен ауыстыруға әрекет жасады деп айыпталғандарға қатысы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992286-mazilis-raqymsylyq-zasauga-qatysty-zan-zobasyn-talqylaudy-bastady/