Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтарға бір реттік рақымшылық жариялады

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасына қатысқан 104 адам сотталды
Қаңтар оқиғасы. Фото: Владимир Третьяков, NUR.KZ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысып, істі болғандарға бір реттік рақымшылық жариялайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр.

Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын.

Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985699-toqaev-qantar-oqigasyna-qatysqan-azamattarga-bir-rettik-raqymsylyq-zariyalady/

pixel