Ақтөбеде екі адам бөтен біреудің пәтеріне кіріп, пышақпен қорқытып, ақша ұрлады деген күдікке ілінді (видео)

Опубликовано:

тәркіленген ақша
Тәркіленген ақша. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбеде белгісіз адамның пәтеріне кіріп, пышақпен қорқытып, ақша ұрлады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды ІІМ Telegram-арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 12 қазан күні болған. Қаладағы пәтерлердің біріне белгісіз адамдар заңсыз кіріп, пышақпен қорқытып, 2500 АҚШ доллары және 200 000 теңге көлемінде ақша ұрлап кеткен.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстаған. Олардан ұрланған қаражаттың бір бөлігі тәркіленген.

Құзырлы орган бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын атап өтті. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993609-aqtobede-eki-adam-boten-bireudin-paterine-kirip-pysaqpen-qorqytyp-aqsa-urlady-degen-kudikke-ilindi-video/