Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Республика күніне орай отшашу болады

Опубликовано:

Отшашу
Отшашу. Көрнекі фото: Pexels.com

25 қазан Республика күніне орай елордада мерекелік отшашу болады. Толық қойылым шамамен 10 минутқа созылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, Астанада Республика күніне орай болатын мерекелік отшашу демеушілік есебінен ұйымдастырылады.

Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де екі нүктеден: Атырау көпірінің жанындағы аумақтан (қала жағалауы) және ботаникалық бақтан басталады. Отшашудың ұзақтығы шамамен 10 минут, ал атылатын отшашу саны – 3,5 мың.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекеге орай 200-ден астам түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған, оның ішінде түрлі концерттер, көрмелер, еңбек ардагерлерімен кездесулер, театр фестивалі мен атқа міну.

"Мереке аясында елордада және әр ауданда түрлі салаға еңбегі сіңген қайраткерлер, еңбек ардагерлері, ерлік көрсеткен азаматтар және т.б. марапатталады. Сонымен бірге мереке күні ауданда тұрғын үйлер мен басқа да нысандар пайдалануға беріледі", – деп толықтырды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматы қаласында да Республика күнін мерекелеу отшашумен аяқталады.

Еске салайық, 29 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойған болатын, оған сәйкес 25 қазан Республика күні мемлекеттік мереке мәртебесін қайтадан алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1993658-astanada-respublika-kunine-orai-otsasu-bolady/

pixel