Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сеулде қаза болғандардың арасында Қазақстан азаматтары бар ма: СІМ жауап берді

Опубликовано:

Сеулде қайғылы жағдай болған ауданда жиналып тұрған халық
Сеулде қайғылы жағдай болған ауданда жиналып тұрған халық. Фото: Jung Yeon-Je/AFP via Getty Images

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Корея астанасы Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде болған қайғылы жайтқа қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, оқиғадан қаза болған және зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы мәлімет түспеген. Бұл туралы министрлік ресми Telegam-арнасында хабарлады.

"Сеул қаласында болған қайғылы оқиғаның салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ.

Корея Республикасындағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды. Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға хабарласып жатыр", - делінген Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Ведомство консулдық бөлім жанындағы жедел штабпен байланысу үшін төмендегі байланыс нөмірлері мен мекенжайға хабарласу керектігін атап өтті:

  • Жұмыс тел.: +82 2 379-9714, +82 2 394-9716;
  • Ұялы тел.: +82 10 6682 2992, +82 10 6542 7771;
  • Эл. пошта: seoul@mfa.kz;
  • Мекен-жай: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul, 140-809 서울시 용산구 장문로 53, 140-809.

Еске сала кетейік, Сеулде өткен түні Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде кемінде 151 адам қайтыс болып, ондаған адам зардап шекті. Қаза болғандар арасында шетел азаматтары да бар.

Yonhap News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қайғылы жағдай Сеулдегі түнгі уақытқа дейін жұмыс істейін көптеген мейрамхана, кафе және түнгі клуб орналасқан Итэвон ауданындағы көшелердің бірінде болған.

Басылымның мәліметінше, коронавирус пандемиясынан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отырған Хэллоуин мерекесіне ондаған мың адам келген. Кенет бір мезетте тар көшедегі адам санының көптігінен, халық кептеліп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1994916-seulde-qaza-bolgandardyn-arasynda-qazaqstan-bar-ma-sim-zauap-berdi/

pixel