Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда оқушылардың мектеп формасының бірнеше нұсқасы болады

Опубликовано:

сөмке ұстаған оқушы
1 қыркүйек күні. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі келесі жылдан бастап оқушылар үшін мектеп формасының нұсқаларын түрлендіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, оқушыларға пиджак, жилет, шалбар, юбка және жейдеден тұратын қазіргі мектеп формасын түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған жемпірге/кардигандарға ауыстыруға мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ күнделікті киіп жүрген жейделерін поло жейделерге ауыстыруға болады. Алайда киімнің түсі, стилі және басқа да тұстары мектеп әкімшілігімен келісілуі қажет.

Бұл Оқу-ағарту министрлігінің қолданыстағы бұйрыққа енгізуді ұсынып отырған толықтырулардың арқасында жүзеге асырылмақшы.

"Жалпы мектеп формасына қойылатын талаптар өзгермейді. Бұл жерде әңгіме тізімді толықтыру және таңдау мүмкіндігін беру жайында болып отыр.

Бұған дейін ата-аналар бұл мүмкіндіктің балалар үшін ыңғайлы екенін айтып, қарастыруды сұраған болатын. Өйткені, сабақ кезінде ресми костюм кию балалардың барлығына бірдей қолайлы емес. Сол себепті балама ретінде ыңғайлырақ киіммен келуге рұқсат беру ұсынылып отыр. Мысалы, ресми пиджак немесе жакет орнына тоқылған күрте/кардиган және күнделікті жейде орнына поло жейде.

Шешімді мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі және мектептің өзін-өзі басқару кеңесі қабылдайды. Бұл толықтырулар келесі жылы мектептерде шешім қабылдауға жеткілікті уақыт болуы үшін алдын ала басталып отыр.

Бірақ бұл мектептер бекітілген талаптарды міндетті түрде қайта қарауы керек дегенді білдірмейді. Бұл қажет болған жағдайда пайдалануға болатын қосымша мүмкіндік пен нұсқа ғана", – деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Райынбекқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995417-qazaqstandyq-oqusylar-usin-mektep-formasynyn-birnese-nusqasy-bolady/

pixel