Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқу-ағарту министрлігі: Планшеттер оқулықтарды алмастырмайды

Опубликовано:

планшет ұстаған балақай
Планшет ұстаған бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Планшеттер оқулықтарды алмастырмайды, бұл – оқудың қосымша ресурсы болады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, оқушыларға берілетін электронды планшеттер оқушылардың оқуына қосымша мүмкіндіктер береді, сондай-ақ мектеп рюкзактарының салмағына қатысты мәселені шешуге көмектеседі.

Дегенмен планшеттер оқулықтарды алмастырмайды, ол қосымша құрал ғана болады.

"Балаларға электронды күнделіктер, оқулықтар мен цифрлы білім беру ресурстары орнатылатын планшеттермен қатар бұрынғыдай басып шығарылған оқулықтар да беріледі.

Осылайша, балалар цифрлы сабақтарға, жаттығуларға және тапсырмаларға қосымша қол жеткізе алады. Сонымен қатар мектепте баспа оқулықтарын қолдануға, кейін оларды сол жерде қалдыруға және үй тапсырмаларын орындап, қосымша білім алу үшін электронды құрылғыларды қолдануға мүмкіндік алады. Егер оқушы планшетті пайдаланғысы келмесе, онда одан бас тартуына және тек дәстүрлі оқулықтарды пайдалануына құқы бар", - дейді Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері.

Ведомствоның атап өтуінше, интернеті нашар өңірлер үшін жүктелген цифрлы сабақтарды, тапсырмаларды, білім беру ресурстары және оқулықтарды офлайн пайдалану мүмкіндігі болады.

"ЦДИАӨМ-мен бірлесіп оқушыларды электронды құрылғылармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Егер қандай да бір себептермен бала планшеттерді қолданғысы келмесе, онда ол әдеттегідей дәстүрлі оқулықтарды және стационарлық құрылғылардан білім беру ресурстарына қол жеткізе алады. Яғни планшеттер оқулықтарды алмастырмайды, бұл – оқудың қосымша ресурсы. Таңдау ата-аналар мен оқушылардың еншісінде болады", – дейді Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995427-oqu-agartu-ministrligi-plansetter-oqulyqtardy-almastyrmaidy/

pixel