Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахтадағы апат: Тоқаев Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.  

"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін  анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым", – дейді президент жеделхатта.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға тиесілі шахтада сағат түнгі 3:00-де газды дренаж скважиналарын бұрғылау кезінде газ шығып, салдарынан 4 жұмысшы қайтыс болды.

Кен орнының тағы төрт жұмысшысы ауруханаға жеткізілді.

ТЖМ тағы бір жұмысшыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. Қазіргі таңда оның да денесі табылғаны мәлім болды.

Төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995535-toqaev-arselormittal-temirtau-aq-saxtasynda-qaza-tapqan-zumyssylardyn-otbasylaryna-konil-aitty/

pixel