jitsu gif branding logo appbranding logo app

Елімізде оқушылар қашықтан оқуы мүмкін

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: pexels.com

Ел арасында тұмаудың кең таралуына байланысты қазақстандық оқушылар онлайн оқу форматына қайта ауысуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Алматылық дәрігерлердің айтуынша, тұмаумен күресудің оңтайлы әдісі – вакцина салдыру.

Арна мәліметінше, қазір денсаулық сақтау министрлігі оқушыларды қашықтықтан оқытуға ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бүгінде Қазақстан бойынша жіті респираторлық вирустық инфекцияның 800 мыңға жуық жағдайы анықталған. Науқастардың көбісі балалар.

"Денсаулықты күту дәл қазір аса маңызды. Біріншіден, иммунитетті көтеру қажет. Одан кейін суық өткізуге болмайды. Тұрғындар үйіне жақын кез келген емханаға барып, екпе салдыра алады", – деді №36 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Рауан Нүркенов.

Айта кетейік, мамандар өзін-өзі емдеу шараларын жасамауға кеңес берді. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырды. Мұрынға арналған спрейлер мен антисептик қолданған жөн.

Елімізде оқушылар қашықтан оқуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.