Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп оқушылары тұмауға байланысты онлайн оқи ма: Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өткен аптада Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ көрсеткіштері жоғарылаған жағдайда мектеп оқушыларын онлайн оқытуға көшіруді ұсынған еді. Білім министрлігі бұл бастаманы қолдамайтынын мәлім етті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Әлемде мектептер бірінші болып ашылып, соңғы болып жабылады. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері де мәлімдеді. Біз балалардың толық әрі сапалы білім мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігі онлайн форматта оқыту ұсынысын қолдамайды", - деп мәлім етті Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.

Айта кетейік, ЮНИСЕФ (United Nations International Children's Emergency Fund) - балалар құқығын қорғайтын және олардың өмірін жақсарту үшін жұмыс істейтін халықаралық ұйым. ЮНИСЕФ дүние жүзіндегі балаларды қорғау үшін БҰҰ-мен жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі балаларды онлайн оқытуға көшіру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Өткен аптада жұқпалы ауруларды қадағалау бөлімінің меңгерушісі Роза Қожапова бір сыныптағы балалардың 20-30 пайызы ЖРВИ жұқтырса, сыныптық оқыту жүйесін алып тастау және сыныпқа жаңадан балаларды қабылдамау ұсынылатынын айтқан болатын. Сондай-ақ бір инкубациялық кезеңде сыныпта 30 пайыз немесе одан да көп бала ауырған жағдайда, сыныпты онлайн оқытуға көшіру ұсынылды.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері (2022 жылдың 1 қазанынан бастап) республикада жіті респираторлық вирустық инфекцияның 764 247 жағдайы тіркелген. Республика бойынша аурушаңдық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы деңгейде екені атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996124-mektep-oqusylary-tumauga-bailanysty-onlain-oqi-ma-oqu-agartu-ministrligi-zauap-berdi/

pixel