Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте автоэлектрик мамандығын шебер игерген 13 жастағы бала туралы не білеміз

Опубликовано:

Автоэлектрик
Жас автоэлектрик. Видеодан кадр: Хабар 24

Шымкентте 13 жасында автоэлектрик мамандығын игерген бала тұрады. Іскер жас қазір көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр. Самандар Гайратов кез келген көліктің ақауын дәл анықтап, сапалы жөндеп береді, деп хабарлайды Хабар 24.

Самандар Гайратов сабақтан кейінгі бос уақытында автокөліктің ақауын жөндеумен айналысады.

Телеарна тілшілеріне мәлім болғандай, жас автоэлектриктің қызметіне жүгінушілер кезекке тұрады екен. Оның қолынан жарық шамдарын ауыстырып, музыкалық құрылғыға жауапты сымдарды жүргізумен қатар қозғалтқыштың электрлі құрылғыларын да ешкімнің көмегінсіз шашау шығармай жөндеу де келеді.

"Машинаның электр жүйесі адамның қан тамыры сияқты. Бір тоқ үзілетін болса, машина оталмай қалуы мүмкін. Жүрмей қалуы мүмкін. Өзім бос кезімде әкеме көмектесемін. Солай үйреніп кеттім. Қазір кез келген машинаны жөндей беремін. Мақсат, арманым осы автоэлектрика саласы. Жүздеген адамға көмектесесің, рахметін айтып кетеді", - дейді жас автоэлектрик.

Айта кетерлігі, автоэлектрик Юнусовтардың әулетінде атадан балаға жалғасып келе жатқан отбасылық кәсіп. Самандардың атасы да, әкесі де осы істің шебері екен. Олар баланың еңбекке ептілігі мен іскерлік қасиеті алты жасында байқалғанын айтады. 

"Бала бірнәрсеге қызыққаннан кейін көкірегінен итеруге болмайды. Біреуі әнші болады, біреуі әскери болуға қызығады. Бұл бала енді осы біздің кәсіпке қызықты. Оның сүйікті ісі осы. Гараждан шығарып жіберсең де қайтып келіп тұрады. Басқа балаларым қызықпайды. Біреуі спортқа, енді бірі әлі жас. Осы Самандар ғана менің жұмысыма, менің кәсібіме қызығады", - дейді әкесі Данияр Юнусов.

Телеарнаның хабарлауынша, 13 жасар Самандардың тыңғылықты ісіне көпшілік тәнті. Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін оны қолдаушылар да көбейген.

Самандар 7 сынып оқушысы. Келешекте ол осы істің қыр-сырын жетік меңгеріп, өз кәсібінің хас шебері атанғысы келетінін айтады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996134-symkentte-avtoelektrik-mamandygyn-seber-igergen-13-zastagy-bala-turaly-ne-bilemiz/

pixel