jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанның ірі үш қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қолшатырдың астында баласын көтеріп бара жатқан әке
Жаңбыр. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 8 қарашада синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласында күн бұлтты, жауын-шашын болады деп болжайды. Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауса, Астанада қар жаууы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Бүгін Астанада қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз -1...-3 градус болса, түнде -3...-5 градусқа дейін төмендейді. Бұл ретте желдің жылдамдығы шамалы – 2-7 м/с. Елордада түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Алматылықтарды бұлтты күн күтіп тұр, кейде жаңбыр жауады. Күндіз термометрлер бағаны +5...+7 градусты көрсетсе, түнде 0...+2 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады, бірақ екпіні 12 м/с жетуі мүмкін.

Шымкентте сейсенбі күні көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Мегаполисте күндіз +3…+5, түнде 0…-2 градус болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с деңгейінде болады.

Синоптиктердің мәліметінше, тұманға байланысты кей өңірлерде дауылды ескерту жарияланды. Сонымен, тұман келесі өңірлерде күтіледі:

  • Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында;
  • Алматы облысының таулы аймақтарында;
  • Қызылорда облысының солтүстігінде;
  • Ақмола облысының оңтүстік жартысында;
  • Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында, сондай-ақ Оралда;
  • Маңғыстау облысының солтүстігінде;
  • Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында;
  • Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және Қостанай қаласында;
  • Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, сондай-ақ облыс орталығында;
  • Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және Петропавл қаласында.
Бүгін Қазақстанның ірі үш қаласында жаңбыр мен қар жауады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.