Таразда жол жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

Опубликовано:

жол
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Биыл Таразда 27 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазір жұмыстар 17 нысанда аяқталды.

Атап айтқанда: Мелиораторов көшесі, бұрылыстары, Цветочный көшесі, 2 бұрылыс, Өзбек көшесі, Дулати көшесі 2 бұрылыс, Еспаев көшесі, Комратов көшесінің бұрылысы, Тюленин, Қашғари, Урицкий және Уәлиханов көшелерінің бұрылыстары, Заречная және Джалил көшелері, Өтегенов және Гончаров көшелерінің бұрылыстары, Нұрпейісов, Цветочный, Сухамбаев және Мичурин бұрылыстары, Аппасов көшесі (Ниеткалиевтен Сүлейменовке дейін), Мұқанов көшесі 3 бұрылыс, Крупская көшесі, Мамыр саябағына барар жол, Әулиеата колледжінің жанындағы жаяу жүргіншілер жолы, Қапал, Ишин, Тынышбаев көшесінің бұрылыстары, Локомотивная, Ақылбеков, Шалғай Қарасу.

жол
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Қалада 8 жоба бойынша жол негіздемелері әзірленді. Олар: Громов, Қажымұқан, Гипсов және Сүлейменов көшелерінің бұрылыстары; Песчаный көшесі 2 бұрылысы; Лукманов көшесі; Сыздықов көшесі 5 бұрылысы, Д.Бедный көшесінің бұрылысы, Мусоргский көшесі, Райымбеков көшесі 1 және Зеленый көшесі 2 бұрылысы; Сеңкібай және Абай көшелерінің бұрылыстары; Сеченов көшесі, Қонаев көшесі 1 бұрылыс, Апсеметов көшесі.

Қайта жаңғырту жобасы бойынша Мәмбет батыр, Ташкент көшелерінің 9, 45 шақырымы енді.

жол
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Қазіргі таңда Ташкент көшесін қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды ​ «АрайстройGROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ​ жүргізуде. ​

Аққозиев көшесінен Комратов көшесіне дейін асфальт салынды. ​ Комратов көшесінен бастап ​ 370 метр қашықтықта асфальт жабындысының 1-ші қабаты төселді. Мәмбет батыр көшесін қайта жаңғырту бойынша ​ жұмыстарды «Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты» АҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ​ жүргізуде (ұзындығы 4,9 шақырым). Мәмбет батыр көшесінде (Сыпатай батыр көшесінен бастап 300 метрде) асфальт жабындысының 1-ші қабаты төселді, қалған теміржол өткеліне дейінгі аралыққа асфальт төселетін болады. Одан арғы жағындағы аралыққа жол негіздемесі әзірленуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996255-tarazda-zol-zondeu-zumystary-qalai-zurip-zatyr/