Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер Алматыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайын айтты

Жарияланған күні:

жол апаты
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Дәрігерлер Алматыда бүгін Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында болған автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына тоғыз жедел жәрдем бригадасы барған. 21 адам медициналық көмекке жүгінген.

Зардап шеккен алты адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген, барлығы ауруханаға жатқызылған.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеті адам жеткізілген. Көрсетілген көмектен кейін науқастар тұрғылықты жері бойынша емханаға әрі қарай амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Тағы жеті адам Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына түскен. Оның екеуі ауруханаға жатқызылса, бесеуі амбулаторлық емделуге жіберілген.

Зардап шеккендердің арасында 2013 жылы туған бала да бар, ол жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай аймағының және мұрынның көгеруі, сырылуы диагнозымен Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілген.

Бала нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған. Зардап шеккен бір адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Жалпы алғанда қазіргі уақытта қала ауруханаларына зардап шеккен тоғыз адам жатқызылған, барлығының жағдайы орташа, тұрақты дейді дәрігерлер.

Еске сала кетейік, Алматыда бүгін, 8 қарашада Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында 98 және 201 бағытта екі қоғамдық автобус соқтығысып, ірі жол апаты болды.

Бастапқыда полицейлер жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, 15 адамның зардап шеккенін мәлім етті.

Кейін зардап шеккендер саны 17 адамға артқаны белгілі болды.

Сондай-ақ желіде жол апатының видеосы пайда болды. Кадрдан автобустардың көше қиылысына бір мезгілде жеткенін, содан кейін соқтығысқанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996283-darigerler-almatyda-eki-avtobustyn-soqtygysuy-saldarynan-zardap-sekkenderdin-zagdaiyn-aitty/