Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен тағы бір жол апаты болды

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Polisia.kz

Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен тағы бір жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Бұл жол-көлік оқиғасы Абай даңғылында сағат 15.00-де орын алған. Қоғамдық көлік Абай даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатып, сол жаққа қарай бұрылып жатқанда сол бағытта келе жатқан BMW көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Екі көлік те механикалық жағынан зақымданды.

Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", - деді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Айта кетейік, қалада бүгін екі қоғамдық автобус соқтығысып, салдарынан бір адам қаза болды. Қалалық полиция департаменті тағы 15 адам жарақат алғанын хабарлады.

Сондай-ақ құзырлы орган аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Кейінірек зардап шеккендер саны артқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996294-almatyda-qogamdyq-koliktin-qatysuymen-tagy-bir-zol-apaty-boldy/

pixel