Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткен": полиция Алматыда екі автобустың соқтығысуына қатысты толығырақ мәлімет берді

Опубликовано:

Алматыда автобустардың соқтығысуынан жол апаты болған жерде жүрген полицей
Алматыда автобустардың соқтығысуынан жол апаты болған жерде жүрген полицей. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Полиция Алматыда екі қоғамдық автобустың соқтығысуынан болған қайғылы жол апаты туралы толығырақ айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасының сызбасын және бейнебақылау жүйелерін талдау кезінде 8 қараша күні сағат 14.05-те жеке тасымалдаушылардың біріне тиесілі МАЗ қоғамдық көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткені анықталған.

Сөйтіп ол Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Golden Dragon маркалы автобуспен соқтығысқан. Көлікті 59 жастағы азамат басқарған.

Соқтығысудан кейін №98 бағыттағы автобус екпінмен тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

Салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі - 37 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Еске сала кетейік, кеше, 8 қарашада Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысып, ірі жол апаты болды. Полиция 98 және 201 бағыттағы автобустардың соқтығысқанын мәлімдеді.

Жол апаты салдарынан 21 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде бір бала бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996317-bagdarsamnyn-tyiym-salyngan-belgisine-otken-policiya-avtobustardyn-soqtygysuynan-bolgan-zol-apaty-turaly-tolygyraq-aityp-berdi/

pixel