Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобустармен болған жол апаты: Тасымалдаушы тежегіштердің ақауы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Алматыда екі автобус соқтығысты
Жол апаты. Оқиға орнынан фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Алматыда кеше, 8 қараша күні болған жол апатында автобус тежегішінің істен шыққаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Алматыэлектротранс" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматыэлектротранс" ЖШС мәліметінше, автобус тежегіштерінің істен шыққаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Компания өкілдері биыл 23 қыркүйекте №201 бағыттағы автобус бірлік санының ұлғаюымен жаңартылды дейді. 18 LiAZ маркалы автобусының орнына 2022 жылы шығарылған 24 Golden Dragon автобусы желіге шыққан.

"Бұл шаралар жолаушылардың қозғалыс аралығының ұзаруына көптеген шағым түсіруіне байланысты қабылданды. Автобустар ауыстырылып, саны көбейгеннен кейін қозғалыс аралығы 12 минуттан 6-7 минутқа қысқарды", – деп хабарлайды "Алматыэлектротранс" баспасөз қызметі.

Аталған автобустар мамыр айында сатып алынғаны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта өндірушінің кепілдігі бойынша және техникалық жарамды жағдайда, барлық техникалық бөлшектер мен жинақтар қалыпты жағдайда жұмыс істеген, тежегіш жүйесі де дұрыс жұмыс істеді", – делінген хабарламада.

Еске салайық, екі қоғамдық көлік 8 қарашада Алматы қаласының Абылай хан даңғылы мен Төле би даңғылының қиылысында соқтығысты. Құқық қорғау органдары жол апатына 98 және 201 бағыттағы автобустар түскенін айтты.

Полицейлер бастапқыда 15 адам жараланып, бір адам қайтыс болды деп хабарлады. Кейін зардап шеккендер саны артып, 17 адам ауруханаға жеткізілді. Тағы бір адам ауруханаға жатудан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996426-almatyda-avtobustarmen-bolgan-apat-tasymaldausy-tezegisterdin-aqauy-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel