Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді Қазақстанда төлқұжатты цифрлық нұсқада пайдалануға болады

Опубликовано:

Ер адам ұялы телефонының экранын екінші адамға көрсетіп тұр
Ұялы телелфондар. Фото: Robert Michael/Picture Alliance/Getty Images

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ресми Telegram арнасында қазақстандықтар үшін цифрлық төлқұжат қолжетімді болғанын хабарлады.

"Цифрлық құжаттар" – eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бүгінгі таңда қажетті құжатыңыздың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы сандық құжатты пайдалану өте ыңғайлы.

Цифрлық куәлікті қолдану тиімділігін көрсеткен соң біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды шештік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді", – делінген минстрдің хабарламасында.

Әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болатыны айтылған. Мұндай қажеттілік, мәселен, куәліктің жоғалуы немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін.

Бүгінде елімізде паспорттан басқа ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілген. Ол – жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, туу және неке туралы куәлік және т.б. бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996455-qazaqstanda-tolquzat-cifrlandy/

pixel