jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

тұманды күн
Тұманды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК өкілдері Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, 10 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қарағанды қаласында да 10 қарашада көктайғақ болуы ықтимал.

10 қарашада Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Сондай-ақ өңірде оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

10-12 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, 10 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

10 қарашада Астана қаласында да кей уақытта көктайғақ болуы ықтимал.

10 қарашада түнде және таңертең Абай облысының батысында, оңтүстігінде тұман, солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі.

10-11 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, түнде кей уақытта Шымкент және Түркістан қаласында тұман күтіледі.

10 қарашада күндіз Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

10 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Сонымен қатар, 10 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Одан бөлек, өңірде оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

10 қарашада Петропавл қаласында да күндіз бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғуы ықтимал. Күші 15-20 м/с.

10 қарашада Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман, облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі. Сонымен бірге оңтүстік-батыстан жел соғып, күші облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.