Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалімдер құқығы бұзылған жағдайда шағымдана алатын Telegram чат іске қосылды

Опубликовано:

Telegram
Telegram қосымшасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті "Педагогті қорғау" Telegram чатын іске қосты. Қазірдің өзінде чатқа 2 мыңнан астам адам тіркелген, деп хабарлайды министрлік ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, "Педагогті қорғау" Telegram чатында (https://t.me/KOKSO_MP) мұғалімдер құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Мысалы, міндеттен тыс функцияларға тарту, шамадан тыс есеп беру және т.б. туралы.

"Телеграмдағы чатқа келген барлық ақпарат тексеріліп, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің мамандары өтініштерге жедел түрде жауап беріп, мұғалімдермен байланысады", - дейді Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуеновтің айтуынша, егер мұғалімдердің құқығы бұзылған жағдай анықталса, онда комитет тиісті шаралар қабылдайды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды көздейтін "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданған болатын. Мұғалімдер шамадан тыс есеп беруден босатылды. Қазіргі күні педагогтер күніне екі құжат қана, яғни сынып журналы мен қысқа мерзімді (сабақ) жоспарын толтыруы керек.

Құжаттардың нақты тізімі бар және оны барлығы сақтауы қажет. Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден басқа құжаттарды толтыруды талап етуге құқығы жоқ. Егер мұғалімдердің құқықтарын бұзу анықталса, онда комитет тиісті шаралар қабылдайды.

Сонымен қатар өңірлерде аумақтық департаменттер жанынан педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейтінін еске саламыз", - дейді Ернұр Дәуенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996482-mugalimder-quqygy-buzylgan-zagdaida-sagymdana-alatyn-telegram-cat-iske-qosyldy/

pixel