Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

13 қарашада Алматы орталығында жолдардың бір бөлігі жабылады

Опубликовано:

Алматы жолдары
Алматы жолдары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"City Run 2022" жарысының ұйымдастыру комитеті Алматы тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатыны туралы ескертті, деп жазады ҚазАқпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, 13 қараша күні Алматының орталық көшелерінде "City Run 2022" жарысы өтеді. Сол уақытта, яғни, таңғы сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін жарыс қашықтығы өтетін жерлердегі жолдар ішінара жабылады.

Жарысты ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, жарыс "Астана" алаңынан басталады.

Сол күні Төле би көшесінің бойында Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін, Төле би көшесінің бойында Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:45-тен 09:40-қа дейін, Наурызбай батыр көшесінің бойында Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін, Шевченко көшесінің бойында Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:05-тен 09:20-ға дейін шектеледі.

Сондай-ақ, Панфилов көшесінің бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін, Бөгенбай батыр көшесінің бойында Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке, Абылай хан даңғылының бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін шектеледі.

Басылым мәліметінше, спорт әуесқойларына 2 қашықтық ұсынылып отыр — 10 шақырым және 5 шақырым скандинавиялық жүріс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996697-13-qarasada-almaty-ortalygynda-zoldardyn-bir-boligi-zabylady/

pixel