jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Google компаниясы қазақстандық жас маманды жұмысқа шақырды

Әли Жүсіпов
Әли Жүсіпов. Фото: Instagram/Саясат Нұрбек

Google компаниясы қазақстандық университет түлегін жұмысқа шақырды. Әли Жүсіпов осы жылдың қыркүйек айынан бастап Цюрихтегі Google кеңсесінде әзірлеуші-бағдарламашы ретінде жұмыс істейді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Instagram парақшасында жазды.

Әли Жүсіпов Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша бітірген. Компаниядан шақыру алған жас маман биыл қыркүйек айынан бастап Цюрихтегі Google кеңсесінде әзірлеуші-бағдарламашы ретінде жұмыс істейді.

Министрдің айтуынша, Google-ге келмес бұрын Али Яндекс-те тағылымдамадан өткен, сонымен қатар Сберде бағдарламашы-әзірлеуші ​​ретінде қызмет еткен.

Дарынды студент ЕҰУ-де оқыған жылдары бағдарламалау саласы бойынша көптеген халықаралық олимпиадалар мен жарыстарда жеңімпаз атанды, шахмат пен баскетболға әуес болған.

Google компаниясы қазақстандық жас маманды жұмысқа шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.