jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Ұйқы қайда?": Шығыс Қазақстанда жолда келе жатқан аю видеоға түсіп қалды

Аю
Жолдағы аю. Видеодан кадр: Tik-Tok/oskemenlive

Шығыс Қазақстан облысында жол үстінде келе жатқан аю видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Tik-Tok желісінде Шығыс Қазақстан облысында жол үстінде келе жатқан аюдың видеосы пайда болды.

"Кеше Қатонқарағайға бара жатқан жолда осындай әдемі аюды кезіктірдік", - делінген видео сипаттамасында.

Видеодан көлікті байқаған аюдың жүрісін тоқтатып, артына қарағанын байқауға болады. Бірақ жыртқыш аң көлікке шаппаған. Желі қолданушылары аюдың осы уақытта қысқы ұйқыда болуы керек екенін жазуда.

Видеоны көргендер аюға сүйсіне қарағандарын, алайда оның аш жүруі мүмкін екендігін, жолаушыларға қауіп төндіретінін де ескертеді.

"Алланың құдіреті шексіз... Өте әдемі аю", "Олар осы уақытта ұйықтап жатуы керек, мүмкін аш шығар", " Ұйқы қайда? Сауық іздеп шықтың ба?", "Аю суық түскенде ұйқыға кетеді, қазір олар өз орындарына бара жатыр, бұл қалыпты жағдай", - деп жазады видеоға пікір қалдырушылар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.