Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада алып нәресте дүниеге келді

Опубликовано:

Астанада алып нәресте дүниеге келді
Астанада алып нәресте дүниеге келді. Фото: Астана әкімдігі

Астанада салмағы 5075 грамм, бойы 58 сантиметр болатын алып нәресте дүниеге келді. Бұл жайлы елорда әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік ақпаратынша, нәрестені анасы көпбейінді қалалық ауруханада табиғи жолмен өмірге алып келген.

"Диана жүкті әйелдер патологиясы бөліміне түсіп, жүктіліктің 41 аптасында босану блогына ауыстырылды. Босану жоспары ананың денсаулығын ескере отырып, консервативті түрде болды. Ол табиғи жолмен босанды.

Диананың бұл үшінші мәрте ана атануы. Оның алдыңғы сәбилері де 4500, 4600 грамммен ірі болып дүниеге келген. Анасы да, бала да өздерін жақсы сезінеді", - деді акушер-гинеколог Динара Байзаққызы.

Алып сәбидің анасы Диана да ақ халатты жандарға алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997313-astanada-alyp-nareste-duniege-keldi/

pixel