Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ата-аналар балабақша ғимаратының төбесінен су ағып жатқанына шағымданды (видео)

Опубликовано:

балабақша
Балабақша. Видеодан кадр: Telegram/almaty_kris_p

Алматылық ата-аналар Жетісу ауданында орналасқан №163 балабақшаның төбесінен су ағып жатқаны туралы шағымдануда. Желіде ғимараттың төбесінен су тамшылаған сәтінен видео пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео ALMATY_KRIS_P Telegram арнасында жарияланды. Жазбада бақшаның шатырын жөндеу туралы үш жылдан бері айтылып келетіні, 18 қазанда жаңбырдың кесірінен шатырдан су ағып кеткені жазылған.

"Бұған қоса, биыл көктемде балабақшаның маңында көшені түгел қазып тастады. Ол жерге құбыр төселді. Балаларымыз шаң жұтып жүр. Жетісу әкімдігі уәде береді, бірақ одан қайыр жоқ", - дейді ата-аналардың бірі.

Алматы қалалық білім басқармасы биыл тамыз айында балабақшаның шатырын жөндеуге және ішкі жұмыстарға 31 754 278 теңге бөлінгенін хабарлады. Қыркүйек айында мердігер компаниямен келісімге қол қойылған.

"Қазіргі уақытта шатырды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 18 қазанда жауған жауын-шашын салдарынан "Богатырь" және "Күншуақ" деген екі топтың бөлмелерінде аяқталмаған жөндеу жұмыстарының салдарынан төбеден су аға бастады. Балалар басқа топтарға бөлінді. Төбесі кепкеніне қарай, техникалық ерекшеліктерге сәйкес шатырды жабу бірнеше кезеңмен жүзеге асады", - дейді басқарма өкілдері.

Ведомство онда мәселе жартылай шешілгенін, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жағдайды балабақша әкімшілігі бақылауда ұстап отыр. Жұмыстарды ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін аяқтау жоспарлануда, одан кейін мердігердің жұмысын қабылдау-тапсыру актісіне сәйкестігіне тексеру жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997402-almatyda-ata-analar-balabaqsa-gimaratynyn-tobesinen-su-agyp-zatqanyna-sagymdandy-video/

pixel