Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрі үкімет мүшелерінің жалақысына қатысты сауалға жауап берді

Опубликовано:

Ерұлан Жамаубаев
Ерұлан Жамаубаев. Фото: primeminister.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сенат кулуарында үкімет мүшелерінің жалақысына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерұлан Жамаубаев қазақстандық министрлердің жалақысы 1,7 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін екенін айтады.

"Бәрі тәжірибе мен біліктілікке байланысты. Менің ойымша, жалақының минималды мөлшері 500-600 мың теңге, ал максималды мөлшері еңбек өтіліне байланысты - 1,5-1,7 миллион теңгеге дейін жетеді", - дейді ол.

Қаржы министрі бұл ретте үкімет басшысының қанша жалақы алатыны туралы сұраққа толық жауап бермеді. Ол бұл сауал бойынша премьер-министрдің баспасөз қызметіне жүгінуді ұсынды.

"Егер Әлихан Асханұлы (Смайылов – ред.) рұқсат етсе, мен айтамын. Мен өзім үшін жауап бердім, жалақымды айттым. Мен жалақы дәлізін ғана айттым", - дейді ол.

Тілшілердің "Әлихан Смайыловтың жалақысы 1,7 миллион теңге ме?" деген нақтылау үшін қойған сауалына Қаржы министрі "Бәлкім" деп қысқаша жауап берген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тараз әкімі жалақы мөлшерін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997580-qarzy-ministri-ukimet-muselerinin-aiyna-qansa-zalaqy-alatynyn-aitty/

pixel