Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

McDonald's Қазақстандағы мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады

Опубликовано:

McDonald's тауар белгісі
McDonald's. Фото: Beata Zawrzel/NurPhoto/Getty Images

McDonald's фастфуд желісі Қазақстандағы мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ McDonald's баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандағы McDonald's ("Food Solutions KZ" ЖШС) 18 қарашадан бастап жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты өзінің барлық мейрамханасының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысын мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге бар күш-жігерін салуда. Мейрамханаларды ашу мерзімі кейінірек хабарланады", — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

McDonald's мейрамханасы еліміз бойынша Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды ​​сияқты 24 қалада жұмыс істейтіні атап өтілген. Оларда екі мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Еске салайық, шілде айының басында Қазақстанда McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатты деген ақпарат тараған болатын. Адамдар тамақ сатып ала алмай, жеткізуді ұйымдастыра алмаймыз деп шағымданған болатын. Оған McDonald's өкілдері "мейрамханалар техникалық себептерге байланысты уақытша жабылды" деп хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997677-mcdonalds-qazaqstandagy-meiramxanalarynyn-zumysyn-uaqytsa-toqtatady/

pixel