Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әскери билет цифрланады

Жарияланған күні:

Сарбаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басшысы Ростислав Коняшкин Қазақстанда цифрлық әскери билеттер қашан пайда болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ростислав Коняшкин қазірдің өзінде Қорғаныс министрлігімен тиісті жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатқанын айтты.

"Қазір Қорғаныс министрлігімен – оның ішінде әскери билет, тіркеу куәлігі бойынша оларды цифрлық құжатқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деді ол.

Ал мерзімге келетін болсақ, келесі жылдың өзінде құжаттарды цифрлық форматқа көшіру жоспарлануда.

"Ол келесі жылдың бірінші жартыжылдығында жүзеге асады деп ойлаймын", – деп түйіндеді баяндамашы.

Еске салайық, өткен аптадан бері қазақстандықтарға цифрлық төлқұжат қолжетімді болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997684-qazaqstanda-askeri-bilet-cifrlanady/