Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа өмірге куә болу мен карта сызу: қазақстандықтар "Ұрпақтар келісімшарты" арқылы тапқан жұмысы жайлы айтып берді

Опубликовано:

Шаттыгуль Кожанова
Фото: Шаттыгуль Кожанованың жеке мұрағатынан

"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы қазақстандық жастарға жоғары оқу орнынан немесе колледжден кейін жұмысқа орналасуға, тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен жаңа белестерді бағындыруға және сүйікті мамандығын меңгеруге жол ашуда.

Картадағы қала сұлбасы мен қала ішінде жүргендегі көрінісі арасында айырмашылық бар ма? Елді мекендерді қалай салып, жобалау керек? Көлдер мен өзендер, жолдар, көпірлер, саябақтар мен тұрғын үй орамдары карта бетінде бейне бір таңғажайып сурет іспетті көрінеді. Семей қаласының тұрғыны Кемелбек Азаматов мектеп жасынан бастап алып нысандарды екі өлшемді жүйеге көшіруді ұнатады.

"Мен әрқашан сызбаларды, карталарды жақсы көретінмін, бұл өте қызықты", – деп бөліседі Кемелбек.

Мектептен кейін ол Шығыс Қазақстан техникалық университетінде оқуын жалғастырып, "Геодезия және картография" мамандығын игерді.

"Екінші курстан бастап мен әр түрлі жеке компанияларда геодезияшы болып жұмыс істедім. Түсірілім, жобалау және "далалық жұмыстар" тікелей жергілікті жерлерде жүрді. Дипломды алғаннан кейін мемлекеттік ұйымда жұмыс істегім келіп, жұмыспен қамту орталығына хабарласып едім, мені "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша құрылған жұмыс орнына жіберді", – дейді Кемелбек Азаматов.

Қазан айында кейіпкеріміз "Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналасып, мамандығы бойынша тәжірибелі қызметкерлердің қоластында қызмет атқаруда. Ұжымда жаңа қызметкерді жауапты, тәртіпті және ынталы деп сипаттайды. Сызбалар мен карталарға деген сүйіспеншілік Кемелбек үшін жаңа жерде шабыт әкеліп, жігерлендіруде. Ол жоба аяқталғаннан кейін осында тұрақты жұмысқа қалуға шешім қабылдады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, ағымдағы жылдың 10 айында, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына 485 жас қазақстандық қатысты. Жобаға қатысу жөнінен алғашқы бестікте: Қарағанды облысы – 36, Қызылорда облысы – 40, Алматы қаласы – 60 және Алматы облысы – 67 адам жұмысқа орналастырылды. Ең белсенді қатысушылар Ақтөбе облысының тұрғындары болып табылады, онда "Ұрпақтар келісімшарты" арқылы 99 адам еңбекпен қамтылды.

Ақтөбе өңіріндегі жобаға қатысушылардың бірі – Шаттыгүл Қожанова күнделікті жұмысында жаңа өмірдің дүние есігін ашуына куә болуда. Кейіпкеріміз Байғанин аудандық ауруханасында акушер.

Өз өмірін медицинамен Шаттыгүл жастық шағында Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжін таңдаған кезде байланыстыруды құп көрген. Оқу ордасын бітіріп, диплом алғаннан кейін жас түлек мамандық бойынша жұмыс іздеуге кірісті. Содан оған жұмыспен қамту орталығында "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысу ұсынылды. Тамыз айынан бастап Шаттыгүл аудандық ауруханада еңбек етіп, аға тәлімгерлердің басшылығымен қызығы мен шыжығы мол акушерлік жұмыстың қыр-сырын үйренуде. Акушер жұмысының ең тамаша тұсы - болашақ аналармен қарым-қатынас, кішкентай жаңа өмірдің қалай өсіп, дамып жатқанын бақылау мүмкіндігі, деп санайды жоба қатысушысы.

Қазақстандық жастар Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде "Ұрпақтар келісімшартына" қатыса отырып, қызықты әрі сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік алуда.

"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында жұмыс орындары 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған, 29 жастан аспаған жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері үшін құрылуда. Басты ерекшелігі - зейнет жасына тақаған қызметкерлердің өз тәжірибесі мен білімін жастармен бөлісуі. Олар жаңа қызметкерлерге тәлімгер атанып, іс жүзінде тәжірибе жинақтауға көмектесіп қана қоймай, ұжымға бейімделу тұрғысынан психологиялық қолдау көрсетеді. Ал "Ұрпақтар келісімшартының" 6 айы аяқталғаннан кейін жас маманға тұрақты жұмыс орны беріледі не зейнеткерлік жасқа толған және зейнеткерлік демалысқа шығатын қызметкерді алмастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997732-zana-omirge-kua-bolu-men-karta-syzu-qazaqstandyqtar-urpaqtar-kelisimsarty-arqyly-tapqan-zumysy-zaily-aityp-berdi/

pixel