Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдағы ең ірі әскери кемеде қызмет ететін қазақ қызы жайлы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Рамила Дабылқызы
Рамила Дабылқызы. Фото: huanqiu-com

Қытайдың Лияуниң атты әскери авиаматкасында (әскери ұшақтарды қабылдайтын кеме) жауынгер қазақ қызы Рамила Дабылқызы қызмет атқарып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мәліметінше, әскери қызметтегі қазақ қызы туралы қытайлық БАҚ жазған.

"27 жастағы қазақ қызы Рамила Дабылқызы Қытайдың ең ірі Лияуниң әскери авиаматкасында қызмет етіп жатқанына биыл 8 жылдан асып барады. Ол қазіргі уақытта алып кемеге қонған соғыс ұшағының жылжымауына кепілдік ету міндетін атқаратын теңіз әскеріндегі бірден-бір әйел адам", - делінген мақалада.

Басылымның жазуынша, Рамила Дабылқызы дарыны мен білім-білігі, тәжірибесі арқасында қызмет орнында өз қатарластарын таңғалдырып келеді.

қазақ қызы
Фото: mp.weixin.qq.com

Айта кетейік, Рамила Дабылқызы 2014 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін әскерге баруға шешім қабылдаған. Сол жылы желтоқсан айында әскери емтиханнан өтіп, Лияуниң авиаматкасында әскерлік міндетін өтейді.

Басылым мәліметінше, ол кемеге қонған соғыс ұшағын орнықтырушы міндетін атқарудан бұрын радиолокациядағы сарбаз және оператор болып жұмыс істеген.

Рамила тұңғыш рет әскери ұшақты көргеннен кейін авиаматканың ұшу-қону алаңында қызмет істеуге қызығушылық танытқан. Сөйтіп, 2021 жылы ол ұшақ орналастыру тобындағы бірден-бір әйел-теңіз әскері болу құрметіне ие болған.

"Бүгінгі күні Рамила аталған жұмыс орнында қайсарлығымен өз жұмысында лайықты, дайындығы мығым қызметкер екенін дәлелдей алды", - деп жазады қытайлық басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997840-qytaidagy-en-iri-askeri-kemede-qyzmet-etetin-qazaq-qyzy-zaily-ne-bilemiz-foto/

pixel