Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрлігі: Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін ғимарат-жайлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда

Опубликовано:

человек в инвалидном кресле
Фото: pixabay

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға байланысты жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «Интерактивті қолжетімділік картасы» порталында 34 872 әлеуметтік-көлік инфрақұрылымы нысанына қатысты мәлімет қамтылған, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Интерактивті қолжетімділік картасы» порталы жергілікті жерлерде мүгедектігі бар адамдарға нысандарды бейімдеу және осы ақпараттың қолжетімділігі жөнінде қабылданатын шаралардың мониторингі үшін құрылған. Бұл ретте, егер деректерді жергілікті атқарушы органдар енгізсе, онда қолжетімділікті мүгедектігі бар адамдар және олардың бірлестіктері тікелей бағалайды.

Әлеуметтік-көліктік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділік мониторингін Еңбек министрлігі де жүзеге асырады. 2025 жылға дейін мониторингтік топтар, 2021 жылдан бастап жыл сайын кемінде 4400 нысанды зерттейді.

2022 жылдың 10 айының қорытындысында жергілікті атқарушы органдар «Интерактивті қолжетімділік картасына» мүгедектігі бар адамдардың барлық санаты үшін бейімделген 5877 нысанды енгізді. Оның 5639-ын немесе 96%-ын кейінірек Еңбек министрлігінің аумақтық департаменттері тексерді.

Бақылаудан кейінгі нәтиже бойынша аумақтық департаменттер 7556 олқылықты анықтады, оның ішінде 1679 немесе 22% тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға, 2020 немесе 26,7% кресло-арбамен жүретін адамдарға, 1777 немесе 23,5% есту қабілеті нашар адамдарға, 2080 бұзушылық немесе 27,5% көру қабілеті нашар адамдарға қатысты болып отыр.

Айта кету керек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаменттерінің мамандары бақылауды қайта тиянақтаудан басқа «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» заңының сақталуына тексеру жүргізуде.

Бұл ретте мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына, мәдени-ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуін қамтамасыз етпеу бөлігінде бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау субъектілерінің мәртебесіне байланысты 20-дан 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл санкциялары түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мәселен, осы жылдың 10 айының қорытындысында профилактикалық бақылау шеңберінде Комитет департаменттерінің мамандары мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет, көліктік қызмет көрсету салаларындағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділікпен қамтамасыз ету тұрғысында 788 тексеруді жүзеге асырып, оның 276-сы азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс болды.

Осылайша 3432 бұзушылық анықталды. Бақылау субъектілеріне оларды жою бойынша 768 ұйғарым беріліп, 317 нысан басшысына жалпы сомасы 54 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Қазақстан халықаралық конвенцияны ратификациялады. Оған сәйкес мемлекет басқа адамдармен бірге көлікке, ақпаратқа және байланысқа, соның ішінде қалаларда да, ауылдық жерлерде де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау бойынша міндеттемелер алды.

Сондай-ақ, республикада, 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар жұмыс істейді. Оның негізгі бағыттарының бірі кешенді қолжетімділікті қамтамасыз ету және кедергісіз орта құру болып табылады, оның ішінде:

  • Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы ұйымдарының қызметтерінің қолжетімділігі;
  • Қоғамдық көлік бағдарларының қолжетімділігі;
  • Мүгедектігі бар адамдар үшін басым әлеуметтік маңызы бар нысандарға қол жеткізу.

Еңбек министрлігінде атап өткендей, бүгінгі таңда Қазақстанда мүгедек адамдардың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы орта құру бойынша барлық қажетті нормативтік-құқықтық және техникалық база бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997872-enbek-ministrligi-qazaqstanda-mugedektigi-bar-adamdar-usin-gimarat-zailardyn-qolzetimdiligin-qamtamasyz-etu-boiynsa-saralar-qabyldanuda/

pixel