jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда баланың туу туралы куәлігін алу форматы жеңілдетілді

Сәби
Сәби. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда баланың туу туралы куәлігін алу форматы жеңілдетілді, деп хабарлайды Әділет министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, бұдан былай туу туралы куәлік қызметтерін көрсету рәсімдерін енді АХАЖ-ға бармай-ақ, "электрондық үкімет" порталын немесе екінші деңгейдегі банктердің (Kaspi және Halyk банк) мобильдік қосымшаларын пайдалану арқылы алуға болады.

"Қазір туу туралы куәлікті қалыптастыру автоматты режимде жүреді. Перзентханадан туу туралы анықтама АХАЖ жүйесіне тікелей беріледі. Осыдан кейін құжат жасалып, ата-аналар баланың дүниеге келуіне байланысты құттықтаумен, баланың атын атауды өтінген sms- хабарлама алады.

Хабарламаға sms түрінде жауап жіберілген соң, туу туралы куәлік рәсімделеді. Құжатты АХАЖ-дан қағаз түрінде немесе электрондық түрде алуға болады", - дейді Әділет министрі Қанат Мусин.

Қазақстанда баланың туу туралы куәлігін алу форматы жеңілдетілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.