Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда №3​ мектеп-лицейінің білім алушылары​ "Менің атаулы ағашым" акциясын бастады

Опубликовано:

ағаш отырғызу
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

"Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын айшықтап тұрғандай. Бұны жете түсінген Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің жас жеткіншектері ​"Менің атаулы ағашым" акциясын ұйымдастырды.

«Экологиялық ағарту және насихаттау шараларды жүргізу» жобасы аясында Тараз қаласының әкімдігімен бірлесе отырып қалалық №3 мектеп-лицейінде «Менің атаулы ағашым» акциясы өткізді.

Акцияның мақсаты қала жастарына, мектеп оқушыларына мектептердің аулаларын өз қолдарымен өздерінің атаулы ағаштарын отырғызу, алдағы уақытта сол ағашты баптауға дәріптеу. Акция барысында №3 мектеп-лицейінің ауласына 100 дана тал отырғызылды. Ал, ағаш көшеттері Меркі ауданының тұқымбағынан арнайы алдырылған. Аталған акцияға мектеп-лицей ұстаздары, білім алушылары, белсенді жастар қатысты.

Егер әрбір азамат, әсіресе жастар, елді мекендерді тазарту және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысатын болса, онда әр ауыл, аудан, қала және олармен бірге бүкіл еліміз де көркейе түседі. Қала – ортақ үйіміз, оның көркеюі мен жасыл желекке айналуы ел мерейі.

ағаш отырғызу сәті
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тал егу жұмысы арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз. Акцияға қатысқан №3 мектеп-лицейінің білім алушылары өңіріміздің абаттанып, шырайын әрлендіре түсу үшін өз күштерін аямайтындарын жеткізді.

Акция барысында Тараз қаласында орналасқан жалпы орта білім беретін 7 мектептің ауласында барлығы 1000 дана тал отырғызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997934-tarazda-3-mektep-liceiinin-bilim-alusylary-menin-atauly-agasym-akciyasyn-bastady/