Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алты егіз бар: Сайлау күні елімізде қанша нәресте дүниеге келді

Опубликовано:

Көрнекі
Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

Президент сайлауы күні Қазақстанда 634 бала дүниеге келген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, бүгін, 20 қараша - сайлау күні елімізде 634 сәби дүниеге келген. Олардың ішінде алты егіз нәресте де бар. Жалпы республика бойынша сайлау күні 328 ұл және 306 қыз бала дүние есігін ашқаны анықталды.

Еске сала кетейік, бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтуде. Астана уақытымен 20:05-тегі жағдай бойынша сайлауда халықтың 69 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998133-alty-egiz-bar-sailau-kuni-elimizde-qansa-nareste-duniege-keldi/

pixel