jitsu gif

Ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің баласы дарынды оқушыларға арналған мектепте тегін оқуы мүмкін

сабақ оқып отырған қыз бала
Сабақ оқып отырған қыз бала. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қайтыс болған полиция, өрт сөндіру саласы мен әскери қызметкерлердің балалары колледждер мен дарынды балаларға арналған мектептерде грантпен оқи алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Министрліктің аппарат жиналысында Асхат Аймағамбетов осындай өзгеріс әзірленіп жатқанын мәлім етті.

"Өз борышын өтеу кезінде қайтыс болған полиция, өрт сөндіру, әскер қызметкерлерінің отбасына білім беру саласы бойынша тиісті жеңілдіктер беру мәселесі шешімін тауып жатыр. Атап айтсақ, балабақшаларға олардың балаларын кезексіз алу мәселесі, жоғары оқу орындарына грант беру мәселесі шешімін тапқанын білесіздер. Ендігі кезекте осы балалардың біздің колледждерге грант алуы және мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептерге грант алып, түсу мәселесін шешіп жатырмыз. Жақын арада бұл мәселені толығымен шешіп бітіреміз деп айтқым келеді", - дейді ведомтсво басшысы.

Асхат Аймағамбетовтің пайымынша, мұндай азаматтардың ерлігін балалардың бәріне жеткізу керек.

"Өйткені бұл шын мәнінде үлкен ерлік. Ерлік көрсеткен азаматтардың есімі ел есінде болуы керек және осындай мысалдармен, осындай үлгілермен біз тәрбие жұмысын жүргізуіміз керек. Сондықтан осы жеңілдіктерді енгізу бойынша президент тапсырмасын іске асырып жатырмыз. Жақында тиісті өзгерістер жүзеге асады деп ойлаймын", - дейді министр.

Ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің баласы дарынды оқушыларға арналған мектепте тегін оқуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.