Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады

Опубликовано:

Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек. Фото: facebook.com/sayasat/

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болшақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады. Бұл туралы министрліктің ресми Facebook парақшасында жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрдің айтуынша, болашақта инженерлерге, ұстаздарға, медицина қызметкерлеріне, көлік және тасымалдау, сондай-ақ ауыл шаруашылық саласының мамандарына сұраныс арта түседі.

Саясат Нұрбек алдағы 3-5 жылда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болатынын ерекше атап өтті.

"Оның 40 шақтысы қазір 15 жоғары оқу орнында және 40-тан астамы колледждерде оқытылады. 4 000-нан астам студент жаңа мамандықтар бойынша дәріс алуда. Ал 95 мамандық өкінішке орай күрт өзгереді.

"Мамандықтар атласы" жобасынан осы мамандықтарды қарап шықсаңыздар болады. https://enbek.kz/atlas/ сайтынан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде толыққанды ақпарат ала аласыздар. Сондай-ақ 120-дан астам мамандық еңбек нарығынан кетеді", – дейді Ғылым және жоғары білім министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998453-ministr-bolasaqta-suranysqa-ie-bolatyn-bes-mamandyqty-atady/

pixel