Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде елімізде қалың қар жауып, 29 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Опубликовано:

қыстың күні
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнде яғни 24-26 қарашаға аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде Самара аудандарынан жылжыған циклон әсерінен республиканың басым бөлігінде қар, батыс және оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада шығыста қалың қар жаууы ықтимал.

Сондай-ақ алдағы күндері республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, шығыста және орталықта бұрқасын күтіледі.

Кейін Салехард аудандарынан солтүстік суық антициклонның енуіне байланысты республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тоқтап, солтүстік, шығыс және орталықта түнде және күндіз 20-29 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998597-aldagy-us-kunde-elimizde-qalyn-qar-zauyp-29-gradusqa-deiin-ayaz-boluy-mumkin/

pixel