Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды

Опубликовано:

Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: Оlympic.kz

Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімін екі айға ұзартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 12 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 2 айға ұзартты", – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Осылайша ол 12 желтоқсанға дейін қамауда болады.

Еске салайық, қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев биыл наурызда қамауға алынған болатын. ҚМА оған қарсы квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

Маусым айында Қайрат Боранбаев, Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылғаны хабарланған болатын.

Қыркүйек айының соңында Боранбаевқа қатысты істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998671-qairat-boranbaevty-qamauda-ustau-merzimi-eki-aiga-uzartyldy/